Атырауда ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған конференция өтті

Атырауда ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған конференция өтті
(0 Votes)

Д. Қонаев атындағы Binom мектеп-лицейінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Асыл жүрек» облыстық конференциясы өтті. Жиынға психолог, логопед, дефектолог мамандармен қатар білім беру орындарынан ұстаздар және ата-аналар қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Жиын сессиялық отырыспен басталып, Астанадан келген ұстаздардың семинар-тренингімен жалғасты. Тренингте ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін, оларды үлкен өмірге қалай қанаттандыруға болатыны айтылды. Үшінші бөлімдегі пленарлық отырыста Binom желілік мектептері өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

⁃ Заңға сәйкес әр қазақстандық оқушы толыққанды білім алуға міндетті. Сондықтан біз, ұстаздар ерекше білім беруді талап ететін оқушыларды қоғамнан шектемеу үшін тәрбиелік іс-шараларға да қатыстырып, жан-жақты дамытуға барымызды саламыз. Binom желілік мектептері ашылған төрт жылда бұл тақырып аясында жақсы жұмыс жасаудамыз. Бүгінгі жиынның мақсаты —басқа да мектептердің ұстаздарымен тәжірибе алмасу, - деді Астана қаласы Қадыр Мырза Әли атындағы Binom мектеп-лицейінің директоры Сатжан Омаров.

Конференцияға 300-ден астам адам қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT