Жасталап ауылында жаңа медпункт ашылды

Жасталап ауылында жаңа медпункт ашылды
(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Атырау облысының Құрманғазы ауданы, Жасталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды.

Жасталап ауылында 321 тұрғын бар, оның 102-сі – балалар. Ауыл аудан орталығынан 44 шақырым қашықтықта орналасқан. Осыған байланысты ауыл тұрғындары үшін сапалы және қолжетімді медициналық қызметтің маңызы зор.

Жаңа медициналық пункт дәрігерге дейінгі медициналық-санитариялық көмек көрсетуге арналған. Мұнда ем-шара бөлмесі, қабылдау кабинеті және алғашқы медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құрал-жабдықтар бар. Бұл ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алу мүмкіндігін арттырып, қалалық ауруханаларға жүгіну қажеттілігін азайтады.

Сонымен қатар, бұл медициналық пункт тек амбулаториялық қызмет көрсету орны ғана емес, Атырау қаласынан келетін бейінді мамандардың профилактикалық тексеру жүргізетін алаңына айналады. Яғни, енді ауыл тұрғындары қажетті медициналық көмекті алу үшін алысқа сабылмайды.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қатысып, ауылдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту мен халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл бастама ауылдық жерлерде медициналық қызмет сапасын жақсартып, тұрғындардың денсаулығын нығайтуға өз үлесін қосары сөзсіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT