«Атырау толқындары» жобасы таныстырылды

(0 Votes)

8 Атырау облысы әкімдігі, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау филиалының ұйымдастыруымен, жергілікті ақын-жазушылардың кітаптарының Букмейт технологиялық платформасына орналастыру үшін жасақталған «Атырау толқындары» жобасының таныстырылымы өтті.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты — жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, әдеби шығармалардың оқылым санын кеңейту, алыс-жақын шетелдердегі қандастардың қазақ тіліндегі әдеби туындылармен танысуына тиімді жағдай жасау.

— Тыңдаушылар «Яндекскітап» қосымшасын жүктеу арқылы 2024 жылға жоспарланған 30 кітаптың алғашқы 15-ін таңдауға болады,-дейді жоба жетекшісі, Қазақстан Жазушылар Одағы Атырау филиалының төрағасы Әлия Дәулетбаева.

Тоғжан ЕРМЕК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521