Жалақы төлеудің жаңа жүйесі

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде аппарат басшысы Оксана Айкашеваның төрағалығымен мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу бағытындағы өзгерістер түсіндірілді.

Жаңа жүйе бойынша қызметкерлер 2 түрден тұратын жалақы алатын болады. Біріншісі, ол тұрақты, яғни мемлекеттік қызметкердің атқарып отырған жұмысының функционалдық міндеті мен өтіліне қарай, екіншісі бонустар түрінде, жылдың соңында жеке жұмыс жоспарындағы көрсеткіштеріне байланысты.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысындағы сәйкессіздікті қысқарту – бұл жаңа жүйені енгізудегі тиімділік. Келесі бір ерекшелігі лауазымдық жалақының мөлшерін анықтау үшін жұмыс тәжірибесін есептеудің жаңа тәртібі болып табылады. Егер бұрын мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі ескерілсе, енді қазір ұқсас лауазымдардағы функционалдық бағыт бойынша тәжірибесі ескеріледі. Мысалға, кеңсенің бас маманы бір мемлекеттік органнан келесі мемлекеттік органға ауысқан жағдайда, оның осы лауазымдағы тәжірибесі жаңа жұмыс орны бойынша еңбекақы төлемдерін есептеуде ескерілетін болады.

Мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеу жөніндегі жаңа пилоттық жоба лауазым өкілеттіктерін орындауды бағалауда факторлық-балл шкаласын қолдануды қарастырады. Айлық жалақы мөлшері қызметшінің өкілеттігіне, шешілетін мәселелердің күрделілігіне және әрбір қызметшінің нәтижеге қол жеткізудегі жауапкершілігіне байланысты айқындалатын болады.

Жиында жалақы төлеудің жаңа жүйесі жұмыскерлерді материалдық ынталандырудың бұрынғыға қарағанда ықпалды тетігін енгізу көзделіп отырғаны айтылды. Сөйтіп, мемлекеттік қызметкерлерге жалақы факторлы-балдық шкала бойынша төленетін болады. Яғни оның жауапкершілігі, дербестігі, тәжірибесі, арнайы білімі мен байланыс деңгейлері, жұмысының қиындығы, қабылдаған шешімдерінің салдары секілді 8 фактор ескеріліп, еңбекақы тағайындалады. Бұған қоса, тапқан пайдасына бонустар қосылуы әбден ықтимал. Нақты бір қызметшіге салынып отырған міндеттердің маңыздылығы, жұмыстың жауапкершілігі мен оның нақты көлемі ескерілетін болады. Карьера жасаймын деушілерге өз жұмыстарын ең төменгі сатыдан бастау шарт. Ал, жоғары лауазымға жету үшін оған жұмыс өтілі мен кәсібилік қажет.

Сонымен қатар, сыйақы, үстемеақы сияқты ынталандыру төлемдері өздеріңізге белгілі, бірдей мөлшерде төленеді. Бұл жүйе 14 жыл бұрын енгізілген және осы уақытта бірде бір түбегейлі өзгерістерге ұшырамаған. Нәтижесінде, орталық және аймақтардағы мемлекеттік қызметшілердің және де мемлекеттік және жеке сектордағы қызметкерлердің еңбекақы төлемдерінде сәйкессіздік пайда болды. Еңбекақы төлеміндегі жаңа жүйе осы мәселелерді жояды деп күтілуде.

Л.НҰРБАЕВА.

Суретті түсірген А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT