Талапқа қайшы қосылса, пеш газден ажырайды

(0 Votes)

«Жеке жылыту қазандығыңыз сайлы ма?» Осындай жауабы күрделі жалғыз сауалмен ауданда осы жылдың 27 шілдесі күні аудан әкімінің №236-ө өкімімен құрылған жұмыс тобы көп қабатты тұрғын

үйлерді аралап жүр.

Ондағы мақсат – жылыту қазандықтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізу.

Көп қабатты тұрғын үйлерде орналасқан автономды жылыту жүйелері бар көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс және санитарлық нормалар ережелеріне сәйкестігін тексеру, жылу қазандықтарының Заң нормаларына сәйкес орнатылғандығын қадағалау, пәтер иелеріне апатты жағдайларды болдырмау және олардың алдын алу шараларын түсіндірудеміз.

Өрт қауіпсіздігі ережесінің тұрмыстық, күнде қолданыстағы қарапайым талаптарын сақтау үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, өрттің алдын алу, болдырмау, адам өліміне жол бермеуіміз қажет.

Тексеру жұмыстары барысында Мақат кенті бойынша жоғарыда көрсетілгендей жылыту жүйелерін заңсыз қосқан 27 пәтер иесіне жазбаша ескертпелер беріліп, 1 ай уақыт ішінде қалпына келтіру жөнінде талап қойылды. 1 ай мерзім ішінде анықталған кемшіліктер қалпына келтірілмесе, «КазТрансГаз-Аймақ» АҚ-ы Атырау өндірістік филиалы Мақат газ шаруашылығы қызметкерлерімен жылыту қондырғыларына газ беру тоқтатылып, пломба салынады. Қазіргі таңда Мақат кенті бойынша 5 пәтердің газі тоқтатылып, оның 2-еуі жылу қазандықтары мен жылу жүйелерін талапқа сәйкестендірді.

Осыған орай, тұрғындар тарапынан жұмысшы топ өкілдеріне түсіністікпен қарап, қолдау көрсету, өздеріңіз бен қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін пәтерлеріңіздегі жылыту қазандықтарын /котел/ заң талабына сәйкестендіріп қосу сұралады.

Б.ЖАЙКИН,

ауданның тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT