Үй торыған ұры жүр, сақтық шараларын ұмыт қалдырмаңыз!

(1 Vote)

Өткен жылы ауданда 17 пәтер ұрлығы орын алды.

Тәртіп сақшыларының қырағылығы нәтижесінде іздестіру-анықтау жұмыстары жедел ұйымдастырылып, ұрлыққа қатысты адамдар іздестірілді.  Сөйтіп,  11 пәтер ұрлығына күдікті деген адамдар анықталып, ұсталды. Ал, қалған пәтер ұрлығын жасағандарды  анықтауға жедел іздестіру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасын негізге алынып, меншікке қарсы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын алдын алуға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін аудандық полиция бөлімі  осы жылдың қаңтарында  аудан тұрғындарымен 5 кездесу өткізді.

Тұрғын үйде болатын ұрлық қылмыстарының көбінде дерлік үй иесінің ұзақ уақытта үйде болмауы салдарынан пәтер ұрлығы қылмыстары орын алуда. Осыған орай, үйіңізден басқа жаққа қарай кететін ойыңыз болса, онда жақсы араласатын көршіңізге немесе туыстарыңызға үйлеріңізді тапсырып кеткендеріңіз дұрыс болады. Сондай-ақ, үйді күзетке өткізіп, подъездерге консъерждер қою жұмыстарын қолға алып, сонымен қатар, көп қабатты тұрғын үйлерді электрондық код құлпымен немесе домофон жүйесімен жабдықтап, үйлер мен аулалардың айналасын бейнебақылауға алған жөн.

Егер сіз еріксіз пәтер ұрлықтарының құрбаны болсаңыз, онда ұрланған заттарды толығырақ сипаттауға тырысыңыздар. Бұл – полиция қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және ұрланған затты заңды иесіне қайтаруға мүмкіндік береді. Осылайша, қарапайым ережені сақтай отырып, пәтер ұрлығының алдын алу біздің қолымыздан келеді. Күдік тудырарлықтай жағдайларға душар болсаңыз «102», 3-03-60 телефондары бойынша аудандық полиция бөліміне хабарласыңыздар.

                                                                                        

А.Болат,

аудандық ІІБ бастығы

орынбасарының міндетін атқарушы

полиция подполковнигі

Фото: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521