Терезе балалардың басты қауіп апанына айналды

(0 Votes)

Жыл сайын жылы күндер басталысымен, республикада балалармен жазатайым оқиғалар саны өсуде. Бұл ретте көбінесе екі жастан алты жасқа дейінгі балалар қиын оқиғаларға тап болып жатады.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы терезелер мен балкондардан балалардың түсіп кетуінің 15 оқиғасы орын алды (7 бала қаза болды, зардап шеккендер – 8), ағымдағы жылдың 5 айында - 32 (6 бала қаза болып, 27 бала зардап шекті).

2018 жылы еліміздің су айдындарында барлығы 341 адам суға кетті, оның ішінде 89 бала, ағымдағы жылдың 5 айында - 98 адам, оның ішінде 24 бала (көбінесе 4-7 жас және 11-16 жас аралығындағы балалар суға кетеді).

Сонымен қатар, кәріз люктерге, арықтарға және қазылған шұңқырларға құлауына байланысты жазатайым оқиғалар орын алады. Осылайша, 2018 жылы 14 адам қайтыс болды, оның ішінде балалар – 12, ағымдағы жылдың 5 айында - 42 адам, оның ішінде балалар – 29. Сонымен қатар, зардап шеккен және қайтыс болған балалардың саны ағымдағы жылдың 5 айында ғана 2018 жылдың барлық кезеңіне қарағанда 3 есе көп.

Бұл апаттардың негізгі себебі балаларды қараусыз қалдыратын ата-аналардың бейқамдығы болып табылады.

Осы орайда, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қажетті жадынамалар ұсынып отырмыз.

Г. Жаконова,

аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғау және

жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT