Сайлау: үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда тексеріліп жатыр

(0 Votes)

Қазақстан президенттігіне кандидат үш адамның құжаты тексеріліп жатыр. Бұл туралы елордада өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде 7 адамның құжаты қабылданды. Оның төртеуі ҚР президентін кезектен тыс сайлауда кандидат ретінде талаптарға сай болып шықты. Ал үш адамның құжаттары тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген.

«Талаптарға сай келетін кандидаттардың арасында Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Ал үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда. Бұл тұрғыда Нұржан Әлтаевтің, Қарақат Әбденнің, Талғат Ерғалиевтің құжаттары қаралып жатыр», - деді Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT