Бұл туралы Мақат аудандық полиция басқармасының бастығы Құттыбай Садықов биылғы жылдың 9 ай қортындысы бойынша халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.
Полиция подполковнигі айтуынша, ұрлық қылмыстарының көп жағдайда орын алу себептері, меншік иелерінің өз мүліктеріне жауапсыз қарауынан болып отыр. Қымбат заттары мен ақшалай қаражаттары бар жеке тұлғалар сақтық шарасын ұмытып, ұрының өз іс-әрекетін жасауына ыңғай туғызуда.
ПД хабарлауынша, ұрлық қылмысы орын алған жерлердің басым көпшілігінің есік-терезелері осал, ауласы жарықтанбаған, бейне бақылау камералары орнатылмаған үйлер.
Аталған мәселеге учаскелік полиция инспекторларымен, аудан тұрғындары және әкімшілік өкілдерінің қатысуымен өткізілетін жиындарында қатаң түрде ескерту жұмыстары жүргізілуде.
-Сонымен қатар, Мақат ауданында орналасқан 3 ломбардтардың басшыларына кепілге бағалы заттарды тапсыратын, сондай-ақ, тапсырған мүлікті кейін қайтып сатып алмайтын адамдарды міндетті түрде фото-бейне тіркеуге енгізу туралы мәселелері қарап, мекеме басшыларының қатысуымен жиналыстар жүйелі түрде өткізіліп тұрады, - деп атап өтті Мақат ауданы АПБ бастығы Қ.Садықов.
Сурет: Ашық дереккөз