Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Бақ-ырыс» мейрамханасында «Қош келдің, жаңа жыл – 2026!» тақырыбында балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгілік өтті.


Мерекелік шараға ауданның аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан дарынды да талантты оқушылары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы балаларды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, шаттыққа толы балалық шақ пен жарқын болашақ тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтары мен тәтті тартулар табыстады.
Шара барысында балалар шыршаны бірге айналып, жаңа жылдың басты символы аяз ата мен ақшақарды салтанатты түрде қарсы алып, өз өнерлерін ортаға салды.

Одан бөлек, бүлдіршіндерге арнап қызықты ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылымдар көрсетілді.
Ж.ҚАМЗА
Суреттер автордікі



