Елімізде тұңғыш рет 5G үшін ашық аукцион өтіп жатыр. Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін - Қазақстанның телекоммуникация саласы үшін тарихи күн. Біз алғаш рет мобильді байланыстың бесінші буыны (5G) үшін радиожиіліктерге ашық аукцион өткізіп жатырмыз! Айқын және ашық түрде өтіп жатқан бәсекеде №1 лот бойынша (3600-3700 МГЦ жиілік) сауда-саттық аяқталды. Жеңімпаз - 62,669 млрд теңге қаржыға өтінім білдірді» деп жазды министр Telegram парақшасында.
Ал, екінші лот бойынша бәсеке ертең жалғасады.
Бұл аукцион - ұлттық ресурстарға ашық қолжетімділікті және бәсеке ортасын қалыптастырудың айқын мысалы.