Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына қосылды

(0 Votes)

Еуропа Кеңесінде ҚР мен Еуропа Кеңесі арасында сыбайлас жемқорлықпен күресетін мемлекеттер тобына (ГРЕКО) Қазақстанның қосылуына қатысты келісімге қол қою рәсімі өтті.

Бұл ұйымның алдына қойылған екі басты міндеті – мүше мемлекеттерде сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық жағдайларын анықтау және алдын-алу саласындағы оң тәжірибемен алмасудың базасын жасау.

Қазақстан жағынан шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев қатысты. Еуропа Кеңесінен Бас хатшының орынбасары Габриэлла Баттаини-Драгони қатысып, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асырудағы біршама ілгерілеушілігі мен оның бастапқы ұсыныс берген сәтінен бастап орын алған оң өзгерістерін атап өтті.

Алик Шпекбаев Қазақстанның Еуропа Кеңесімен және оның құрылымдарымен оның мүшесі болмай тұрып, 1997 жылдан бастап ынтымақтастық орнатқанын мәлімдеді.

Агенттік Төрағасы: «ГРЕКО-мен ынтымақтастық біздің елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Конвенциясының толыққанды қатысушысы ретінде Еуропалық Комиссияның тұжырымдамалық қағидаттарын қолдайтынымызды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіруге ниетімізді білдіреді. ГРЕКО-на қосылу бізге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда еуропалық үздік тәжірибені қабылдауға жол ашады», – деп атап көрсетті.

Жұмыс кездесуі барысында ГРЕКО атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито:

«Қосылу келіссөздері сәтті аяқталды. Осы беделді бастамаға 50-ші қатысушы ретінде қосылатын Қазақстанның келісімді тездетіп ратификациялауын күтеміз» (қосылуға шақыру 2013 жылы желтоқсанда жолданған болатын), – деді

 ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT