Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сәйкестігін анықтау туралы ОСК отырысы өтті

(0 Votes)

2022 жылғы 13 қазанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бейнеконференцбайланыс режимінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Отырыста Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар Хайрулла Мағауияұлы Ғабжалилов, Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев және Фатима Бизакованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.

  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Х. М. Ғабжалиловтің сәйкестігін анықтау мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Асылбек Смағұлов баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Х.М.Ғабжалиловқа қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ҚР ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар жіберілгенін хабарлады.

Президенттікке кандидат Хайрулла Мағауияұлы Ғабжалилов 1950 жылы 29 сәуірде Өзбекстан Республикасындағы Қарақалпақстанның Тахтакөпір ауданында дүниеге келген.  

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес Хайрулла Мағауияұлы Ғабжалилов:

1) бас бостандығынан айыру орнында отырған жоқ;

2) заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген және алып тасталмаған сотталғандығы жоқ;

3) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен танымаған;

4) белсенді сайлау құқығына ие.

Ұсынылған мәліметтерге сай:

  • Ішкі істер министрлігі Хайрулла Мағауияұлы Ғабжалилов тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды, Қазақстанда соңғы 24 жыл тұрады;
  • Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне  кандидатты ұсынған «АСАР» оралмандар бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар;
  • Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі жоқ.

Жоғары білімі бар.

Ұсынылған құжаттар мен уәкілетті органдардан алынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Хайрулла Мағауияұлы Ғабжалилов Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 2-тармағында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес емес.

  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Т.Ф. Ерғалиевтің сәйкестігін анықтау мәселесі бойынша Ортсайлауком Хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат  Т.Ф. Ерғалиевқа қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ҚР ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар жіберілгенін хабарлады.

Президенттікке кандидат Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев 1966 жылы 15 шілдеде Целиноград облысы Қорғалжын ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев

1) бас бостандығынан айыру орнында отырған жоқ;

2) заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген және алып тасталмаған сотталғандығы жоқ;                                                                                                                                                                                                

3) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен танымаған;

4) белсенді сайлау құқығына ие.

Ұсынылған мәліметтерге сай:

  • Ішкі істер министрлігі Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 56 жыл бойы тұрады;
  • Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсынған «Қазақстан құрылысшылар Одағы» заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмейді.
  • Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 3 жыл 4 ай.

Жоғары білімі бар.

Ұсынылған құжаттар мен уәкілетті органдардан алынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес емес.

  1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Ф. Бизакованың сәйкестігін анықтау мәселесі бойынша Ортсайлауком мүшесі Шавкат Өтемісов баяндама жасады. Ол Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат  Ф. Бизаковаға қатысты сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ҚР ОСК уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар жіберілгенін хабарлады.

Президенттікке кандидат Фатима Бизакова 1967 жылы 31 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Абай ауылында дүниеге келген.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес Фатима Бизакова:

1) бас бостандығынан айыру орнында отырған жоқ;

2) заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген және алып тасталмаған сотталғандығы жоқ;

3) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен танымаған;

4) белсенді сайлау құқығына ие.

Ұсынылған мәліметтерге сай:

  • Ішкі істер министрлігі Фатима Бизакова тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 55 жыл бойы тұрады;
  • Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсынған «Тәжірибелік Психология» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар.
  • Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс өтілі жоқ.

Жоғары білімі бар.

Ұсынылған құжаттар мен уәкілетті органдардан алынған мәліметтер негізінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Фатима Бизакова «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес емес.

Орталық сайлау комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті, онда ОСК мүшелері БАҚ сұрақтарына жауап берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT