Қазақстан қай елдерге тағам экспорттайды

(1 Vote)

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін шет елдерге экспорттау көлемі артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров халыққа есеп беру кездесуінде айтып берді.

"Бүгінде 13 тауар түрі бойынша Қытай нарығы ашық. Яғни, балық өнімдері, асыл тұқымды жылқылар, мұздатылған қой еті, бал, бидай, бидай кебегі, соя бұршақтары, сойыс жылқылары, рапс, сиыр еті, жоңышқа пішені, ұн, өсімдік майы, арпа, жүгері экспортталады", - деді министр Қазмедиа орталығында халыққа есеп беру кездесуінде.

Ал Иран тарапымен тірі қойларды, мұздатылған және салқындатылған қой етін, сиыр етін, жұмыртқа жеткізуге арналған ветеринариялық талаптар келісілген.

"Сауд Арабиясы Корольдігімен сою және өсіру үшін отандық ірі қара мал мен ұсақ мал экспорттауға арналған ветеринариялық сертификат келісілді. Бахрейнге сиыр еті мен қой етін экспорттау жүзеге асырылуда. Нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін Қытайға экспорттау 30,4%-ға (жалпы экспорт - 258,2 млн АҚШ доллары), Парсы шығанағы елдеріне (Катар, Кувейт, БАӘ, САК, Оман, Бахрейн) экспорттау 4,1 есеге, Иранға экспорттау 2,1 есеге (328,9 млн АҚШ доллары), Еуроодаққа экспорттау 14,6%-ға (303,6 млн АҚШ доллары) артты", - дейді министр.

Жалпы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспорттау көлемі 2018 жылы 24,5%-ға ұлғайған.

"Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің шетелдік нарықтарға қолжетімділігін арттыру үшін Израиль, Түркия, Кувейт, Оман, Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттерімен, Еуроодақ елдерімен келіссөздер жүргізу жоспарланып отыр. Бұл ретте, Қытай тарапымен 2018 жылы Қазақстаннан жеткізілетін экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын импорттық талаптарды келісу жөніндегі жол картасы бекітілді", - деп өз сөзін түйіндеді С. Омаров.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521