Отбасына зәбір көрсеткендер 25 тәулікке дейін қамалады

(0 Votes)

Заңнамаға «отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты зорлық-зомбылық» деген ұғым енгізіледі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлім етті.

«Отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бағытында қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына «отбасы-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты» деген қосымша саралауды енгізу қажет», - деді министр.

Айтуынша, отбасына зәбір көрсеткен адамға қолданылатын әкімшілік жазаның мерзімі ұзартылмақ.

«Осындай қылмыс бойынша қамауға алу мерзімінің төменгі шегін 5 тәуліктен белгілеу, сондай-ақ қайталанған жағдайда қамауға алу мерзімін 25 тәулікке дейін (бұған дейін 20 тәулік болан) ұлғайту жоспарлануда», - деді Марат Ахметжанов.

 

Inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT