Бүгін, 7 желтоқсан күні сағат 16:26 шамасында Мақат ауданына қарасты «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 485 шақырымында Фура Mercedes-Benz Actros маркалы жүк көлігінің толықтай өртенуі орын алды.
Аудандық №8 Өрт сөндіру бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылып, өрт сағат 17:22-де оқшауланып, 17:57-те толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі әзірге анықталуда.
«МТ»