Мақатта коронавирустан 2 адам қайтыс болды

(0 Votes)

Соңғы уақытта өңірімізде эпидемиологиялық ахауал өршіп барады.

Әлемді жайлаған тәжтажалға тосқауыл болмай тұр. Сол себепті Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі №52 ПВГр «Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шектеулер еңгізу туралы» қаулысына сәйкес, Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 5 шілде сағат 00:00-ден бастап, 19 шілде сағат 00:00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілгені белгілі.

Бүгінгі таңда, Атырау облысы бойынша Covid-19 инфекциясын жұқтырған 1440 адам тіркеліп, оның ішінде қайтыс болғандар - 12 жағдай болып отыр.

Мақат ауданы бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 125 адамға жетті. Соның ішінде Мақат кенті - 83 жағдай, Доссор кенті – 42 жағдай тіркеліп отыр.

Бүгінгі таңда, 14 адам емделіп шықса, 2 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта, облыстық және аудандық ауруханаларда науқастар саны көбеюде, сондықтан ауруханаларда орын жетіспеуде.

Сол себепті, аудан тұрғындарынан төмендегідей қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеміз:

1) азаматтардың тұратын және жүріп-тұру орындарынан шығуына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, маскалық режимді және 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға;

2) адам көп шоғырланатын жерлерге бармауға;

3) отбасылық шараларды, оның ішінде той, құдалық, мерейтой, туған күн, шілдехана, еске алу және т.б. ұжымдық шараларды өткізбеуге;

4) 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпауға;

5) жұмыс орындарыңызда да күнделікті инфекциядан сақтану ережелерін қолданып, бетперде тағып, антисептиктер пайдаланып жүру қажеттілігін ұмытпаңыздар!

 

Мақат аудандық жедел штабы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT