Мақатта төрт жүк вагоны рельстен шығып кетті

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

4 қазанда сағат 17:20 шамасында Мақат ауданындағы Мақат теміржол станциясында төрт жүк вагоны рельстан шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға тармақталған (бөлек) желіде болды және басқа теміржол вагондарының қозғалысына әсер етпеді.

Аталған жағдай туралы мемлекеттік органдарға хабардар етілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда, қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.


ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521