Коронавирус әлемде 8 миллион адамға жұқты

(0 Votes)

ҚазАқпарат – Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 8 миллионнан асты. Бұл туралы ҚазАқпарат Америкадағы Джон Хопкинс университетінің ақпаратына сүйеніп хабарлайды.

Университет мәліметтерінше, әлемде індет жұқтырғандардың жалпы саны қазіргі кезде 8 018 742 адамға жеткен. Оның ішінде жазылып шыққандар саны – 3 816 550. Көз жұмды – 436 406 науқас.

Індет жұқтыру саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Бүгінде онда COVID-19-ға 2 113 901 адам шалдықты. Қайтыс болғандар саны 116 мың адамнан асты.

Екінші орында Бразилия тұр. Онда коронавирусты жұқтырудың 888 271 оқиғасы тіркелді. Бұл ел сондай-ақ, індеттен көз жұмғандар саны жағынан да екінші орында (43 959 адам).

Тізімнің үшінші орнында Ресей елі орналасқан. Онда коронавируске 536 484 адам шалдықты. Айта кету керек, Солтүстік және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Еуропа елдерімен салыстырғанда Ресейде коронавирустен қайтыс болғандар саны айтарлықтай аз – 7 081.

coronavirus2020.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521