Кейбір ХҚКО-лар күшейтілген режимде жұмыс істейді

(0 Votes)

Қазақстанда кейбір халыққа қызмет көрсету орталықтары күшейтілген тәртіпте қызмет көрсететін болды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын тиісті деңгейде қамтамасыз ету үшін және ел азаматтарына қолайлы жағдай жасау мақсатында, сондай-ақ шетел азаматтарына қызмет көрсету тұрғысында кейбір орталықтардың жұмысын күшейтілген тәртіпте жүргізу шешімі жасалды.

«Бұл тұрғыда Астана және Алматы қалаларындағы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе және Ақмола облыстарындағы кейбір ХҚКО-лар күшейтілген режимде қызмет көрсетуі туралы шешім қабылдадық», - деді Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, осы ХҚКО-ларда ЖСН ресімдеу үшін жұмыс орындарының саны көбейтілді. Бұл ретте Қазақстан азаматтары бұрынғыдай өз қызметтерін әдеттегі режимде алады.

«Ел азаматтары үшін кезекті алдын ала брондау мүмкіндігі сақталып отыр. Оны «Мобильді ХҚКО», eGov mobile қосымшалары, EgovKzBot2.0 Телеграм-боты, eGov порталы арқылы және бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша жасауға болады. Қабылданған шаралар Қазақстан халқы мен шетел азаматтарына штаттық режимде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұдан басқа, 2021 жылғы желтоқсаннан бастап біздің шет елдердегі мекемелерде ЖСН және ЭЦҚ беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. (ЦДИАӨМ, ІІМ және СІМ пилоттық жобасы)», - деді вице-министр.

«Қазіргі кезде резидент емес адамдар үшін онлайн брондау мүмкіндігін шығару жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде ХҚКО-ға баруды алдын ала жоспарлауға және жүктемені азайтуға мүмкіндік береді», - деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521