Карантин шаралары жеңілдетіледі

(0 Votes)

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысы өтті.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдетуге қатысты бірқатар шешімді мақұлдады.

2021 жылғы 28 тамыздан бастап:

"Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілеріне демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, "Ashyq" жобасының көшбасшыларына – "Ashyq" қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің "жасыл мәртебесі" (вакцина алғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат;

сенбі күні – қоғамдық көлік қызметіне рұқсат беріледі.

30 тамыздан бастап жұмыс күндері:

"Ashyq" жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, "Ashyq" жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін демалыс күндеріне биылғы 4 қыркүйектен бастап, ал жұмыс күндеріне биылғы 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары осы жылғы тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмаларды берді:

- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакциналауды аяқтау;

- санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;

- педагогтар, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында "Ashyq" жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

- білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

- мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау. ВАК отырысында Премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521