Мақат аудандық ТЖБ-і мамандарының дерегінше, оқиға бүгін Доссор-Құлсары тас жолының 27 шақырымында болған. Құтқарушыларға 10:17 шамасында Құлсарыға бағыт алған автобустың өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. «Семсер Өрт Сөндіруші» ЖШС-нің 4 қызметкері 1 бірлік техникасымен өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді.
Жалын шарпыған «Yutong» маркалы автокөлігі түгелдей жанып кетті. Құтқарушылар өртті 11:04-те ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.
"МТ"