Ауылдағы ағайынның сөзі Астанаға жетеді

(0 Votes)

             Тамыз айында өткен «Nur Otan»  партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының  7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын ұсынғаны белгілі.

Мемлекет басшысы  Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында  азаматтардың  барлық өтініш-тілектерін жедел, әрі тиімді қарастыратын , халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын мемлекет  тұжырымдамасын  жүзеге асыру  қажеттілігі  туралы  айтты.  Саяси кеңес отырысының шешімдері мен Президенттің Жолдауын жүзеге асыру бағытында партияластар бұқарамен етене жұмыс жасап, шын мәнінде халық пен биліктің  арасындағы  алтын көпірге айналуымыз қажет.

         Азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру мақсатында  «Nur Otan» партиясы парламенттік фракция депутаттары  республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде аптасына екі рет азаматтарды жеке мәселелері бойынша  қабылдау өткізеді.  Өңір тұрғындары Парламент депутаттарына  өз үнін, өтініш тілегін  жолдау үшін  Нұр-Сұлтан қаласына баруға  міндетті емес. Ол үшін «Nur Otan» партиясының кез келген аймақтық  филиалына алдын-ала жазылып, сол жерден бейне-байланыс арқылы депутатқа сұрақтарын жолдап, өтініштерін білдіре алады. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы да Саяси кеңес шешімдеріне орай, өз жұмысына жаңа серпін беріп, барлық деңгейдегі  қоғамдық қабылдауларды  қайта жандандыруды қолға алды. Жыл аяғына дейін филиал төрағаларының мемлекеттік және құқық қорғау  органдары басшыларының , депутаттық фракция мүшелерінің жеке,  көшпелі  және байланыс арқылы қабылдауларының кестелері жаңғыртылды. 

         Цифрландыру  заманында әртүрлі озық технологияларды мүмкіндігін пайдалану  - уақыт талабы. Орталықтан шалғай жатқан елді мекен тұрғындарының өтініштері  «Skype»  арқылы қабылдануда. Апта ішінде Жылыой, Исатай, Индер, Мақат, Құрманғазы,  Махамбет аудандарындағы фракция депутаттары мен филиал төрағаларының бірінші орынбасарлары Қосшағыл, Зинеден, Бәйгетөбе, Сүйіндік, Ақтоғай ауылдары сайлаушыларының өтініштерін тыңдап, түсініктер берді. Кейбір сұрақтар бойынша тиісті орындарға мәселе қойылатын болды. Мұндай қабылдаулар шалғайдағы ағайынның қысқа дайындығы, қажетті отын-суының, малының жем-шөбінің жеткілікті болуын басты назарда ұстап, өз сайлаушыларының жоқтаушысы болар  әр депутаттың  тиісті деңгейде жұмыс атқаруына игі ықпалын  тигізері анық. Бұл жұмыстар облыстық  филиалдың  бақылауында болады.

           Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын  насихаттау  мақсатында  Сәтпаев даңғылындағы халыққа қызмет көрсету орталығында болған партияның ақпараттық топ мүшелері  күту залында  халықпен  кездесті.

          Көпшіліктің тұрғын үй, денсаулық, жер телімін бөлу, мүлікті жекешелендіру, мұрагерлік іс бойынша  қойған сұрақтарына тиісті  мемлекеттік  органдар өкілдері, мекеме басшылары, заңгерлер  түсінік берді.

          Көзіміз жеткен жайт – қарапайым тұрғындар әр түрлі  мәселелерімен «Nur Otan» партиясы филиалына  маңдай тірейді.  Әрбір келушінің  артында адам тағдыры, балалардың жайы, отбасының тығырыққа тіркелген  жағдаяты  тұрады. Әрқайсысын тыңдап,  түсінуге  және тиісті органдар  арқылы  мәселесін заңдылық аясында шешуге әрекет жасаймыз.

Ақтолқын Ахметжанова,

«Nur Otan» партиясы облыстық

филиалы қоғамдық

қабылдау бөлімінің

меңгерушісі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521