Елімізде бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады? 1 қыркүйек қарсаңында ҚазАқпарат мектеп формасы мен кеңсе тауарларының өңірлер бойынша орташа бағасын назарларыңызға ұсынады.
Санаулы күннен соң елімізде жаңа оқу жылы басталады. Қазір оқушыларды мектепке дайындау науқаны қызу жүріп жатыр. Ата-аналар мектеп формасы мен оқу құралдарын сататын базар, дүкендерден керек-жарағын алып әлек.
Айта кетсек, Қазақстанда барлық оқушылар мектеп формасын киюге міндетті. Формаға қатысты әр өңірдің өз талабы бар. Негізінен еліміздегі оқушылар қою көк түсті форма киеді.
АТЫРАУ
Костюм-шалбар – 15-29 мың теңге;
Көйлек (ұл), блузка (қыз) – 7-12 мың теңге;
Шалбар – 6500 теңге;
Юбка – 8-12 мың теңге;
Сарафан – 12-16 мың теңге;
Аяқ киім – 9 мың теңгеден басталады;
Спорттық аяқ киім – 10-15 мың теңге;
Сөмке 6500-10 мың теңге;
Дәптер (кең көз, тор көз) бір данасы – 45 теңге,
Дәптер (қисық көз) бір данасы – 40 теңге;
Мұқабасы қатты күнделік – 800 теңге;
Сызғыш – 100-350 теңге;
Өшіргіш – 130-500 теңге;
Ұштағыш – 300-700 теңге;
Желім – 350 теңге;
Жұмсақ пенал – 1300 теңге;
Бояу карандаш (12 дана) – 1200 теңге;
Қалам – 50-80 теңге;
Ермексаз – 1000 теңге.