Атырауда 15 мыңға жуық көрермен жиналған концертте 120 бала жоғалған

(0 Votes)

Атырауда 15 мыңға жуық адам тамашалаған концертте 120 бала жоғалған. Балалар 15 минут пен 1 сағаттың арасында табылды.

Кеше, 27 тамызда Атырау қаласындағы «Исатай-Махамбет» орталық алаңында өткен отандық эстрада жұлдыздарының гала-концертін тамашалауға 15 мыңға жуық көрермен жиналды. Сағат 19:00 - 00:00 аралығында қойылған концерт кезінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қамтамыз етті. Полиция қызметкерлеріне «алаңда бала жоғалды» деген дерекпен 120-ға жуық арыз түскен.

«Концертті тамашалау үшін алаңға адам көп жиналды. Бұл ата-аналардың балаларынан көз жазып қалуына әсер етті. Полиция қызметкерлері жоғалған балалардың бәрін 15 минут пен 1 сағаттың аралығында тауып, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Ал, 6 баланың ата-анасының мобильді телефоны өшіп тұрды. Соған байланысты полиция қызметкерлері балаларды мекенжайы бойынша үйлеріне жеткізді», - деп мәлім етті Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әнуар Кокалов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521