“Алматы-Атырау” рейсінің жолаушысынан короновирустық инфекция расталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгін, 29 наурызда Атырау облысында короновирустық инфекцияның алтыншы жағдайы анықталды.
Індет жұқтырған науқас 17 наурызда Алматы қаласының рейсінен түскен. Сондай-ақ, оның 20 жастағы студент екендігі белгілі болды.
Студент жігіт карантинге оқшауланып, екінші Облыстық ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін Атырау облысында коронавирустық инфекцияның бес жағдайы тіркелген болатын. Қазіргі уақытта барлық науқастар екінші облыстық ауруханада емделуде.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: ашық дереккөз