Ашудың дұшпан екені бекер айтылмаған

(0 Votes)

Таяуда Жамбыл облысының Қордай ауданында орын алған жағдай бәрімізді де бей-жай қалдырмады.

Біз енді ежелден ешкімге артық, ауыр сөз айтпаған, үйге кірген жыланның басына ақ құйып шығарған текті атаның ұрпағымыз ғой. "Ел ішінде бір тентек" қашанда болады. Бірақ бұл жолғы жағдай, толқуға қараған да бүлікке көбірек ұқсайды. "Қайтсек осылардың айрандай ұйыған ынтымағын ірітіп жіберсек екен" деп қолына "майын" ұстап тұтанған отты аңдып жүргендер аз емес. Бір бұзықты жөнге салудың реті тұтас бір ауылды өртеп, қария, бала-шағасымен детектетіп жіберу деген сөз емес.

Түптеп келгенде, мұсылманшылығымызға сын. Сондықтан бұл іске байыппен қарап, ақылды ашуға алдырмаған дұрыс.

Ерғазы ЖОЛАМАНОВ,

қоғамдық кеңес төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521