Аса ірі көлемде есірткі затын таратумен айналысқан жасөспірім үш жылға сотталды

(0 Votes)

Атырау облысында есірткі таратумен айналысқан жасөспірім 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері наурыз айы кезінде қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын қойып кетумен айналысып жүрген 17 жастағы жасөспірімді анықтады. Тексеру кезінде 26,7022 грамм Альфа-PVP синтетикалық есірткісі және 16 дана изолентаға түйілген орама тәркіленді.

Осылайша, 17 жастағы жасөспірім OLX әлеуметтік желісі арқылы заңмен тыйым салынған мефедрон синтетикалық есірткісін қала аумағындағы кез келген жерлерге жасырын қойып кету арқылы ақша таппақ болғанын айтты.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін күдікті кінәлі деп танылып, сот шешімімен үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз