2025 жылға дейін республикалық жолдар 100 пайыз жөнделеді – министрлік

(0 Votes)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі автомобиль жолдарының жай-күйін баяндады.

Министрдің айтуынша, еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар болса, қалған 71 мыңы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар.

«2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 100 пайызға, жергілікті желі жолдарының үлесін 95 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр», - деді Қ. Өскенбаев Үкімет отырысында.

Көлік-транзиттік әлеуетті арттыру міндеттерін іске асыру 8 көлік дәлізін жаңғырту арқылы қамтамасыз етіледі.

«Бүгінде жалпы барлық дәліздер толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жекелеген учаскелер бойынша өткізу қабілетін арттыру үшін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Қ. Өскенбаев.


 

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Сайт әкімшілігі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика