Жас дәурен жұлдыздарды жарқыратты

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Жас дәурен» аудандық балалар өнер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға «ән» және «би» жанрлары бойынша аудан мектептері мен өнер мектептері және мәдениет үйі жанындағы үйірме оқушылары қатысты. 

Бірінен-бірі озған жас өнерпаздарға көрермендердің ықыласы ерекше болды. Болашағынан зор үміт күттіретін әншілер мен бишілер дауысы, қимылы және киім үлгілерімен көптің көңілінен шықты.

Қазылар алқасының шешімімен «ән» жанры бойынша ІІІ орынды Н.Тыныштық (Л.Шахатов мектебі) мен М.Қандыгерей (Х.Санбаев мектебі) иеленсе, ІІ орынды А.Ғарифолла мен Ә.Қалыбай (аудандық мәдениет үйі) қанжығалады. Ал, І орынға А.Тамирлан (М.Баймұханов мектебі) лайық деп танылды. «Би» жанры бойынша ІІІ орынды «Балауса» би тобы (Доссор мәдениет үйі), ІІ орынды «Гаухартас» би тобы (Р.Ғабдиев өнер мектебі), І орынды «Шаттық» ортаңғы би тобы (аудандық мәдениет үйі) жеңіп алды.

Сахна төріне көтерілген аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Айтмұханқызы өз өнерлерін паш еткен барлық қатысушыларға алғысын айтып, «ән» жанры бойынша бас жүлдемен Т.Жұмабай (А.Құнанбаев мектебі), «би» жанры бойынша «Томирис» би тобын (Бәйгетөбе мектеп бөбекжай кешені) марапаттады.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға ұйымдастыру алқасы атынан арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT