Тілшілер топ жарды

(1 Vote)

Жыл сайын 28 маусым - Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткізілетін дәстүрлі мерекелік апталық басталды.

Мерекелік шараның басында 23 маусым күні облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Алаш мәдениеті" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен спорттық спартакиаданың тұсауы кесілді.

Салауатты өмір салтын сақтау, журналистік салада ерен еңбек етіп жүрген мамандарды көтермелеу мақсатында ұйымдастырылған сайыста тілшілер спорттың екі түрінен өзара мықтыны анықтады. Футбол және волейболдан жеті команда жеңіске жету үшін барын салды. Жалпы, журналистер арасындағы дода тартысты өтті.

w

w

Әр аудан тілшілерінен жасақталған «Аудандар құрамасы» тартысты ойын нәтижесінде волейболдан ІІІ орын алып, жеңіс тұғырынан көрінді. Бұл құрамада «Маqat tynysy» газетінің тілшілері Анварбек Садықов және Мөлдір Ізтұрғанова үздік ойын көрсетті. Сондай-ақ, футболдан белсенді қатысқаны үшін команда арнайы дипломмен марапатталды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521