Қойнауы құт дарыған мұнайлы өлкеміз Мақат ауданының құрылғанына 95 жыл, "Қазақ мұнайының" иегерлеріне 120 жыл мерейтойына орай аудандық мәдениет үйінде " Алтай-Атырау арасы" атты түркі әлемі композиторларының Халықаралық музыка фестивалі өтті.
Өңірімізге келген өнерпаздардың қай қайсысыда "ауызымен құс тістеген" өз саласының жүйріктері, тыңдармандары әлемнің түкпір түкпірінен табылатын талант иелері. "Екі қошқардың басы - бір қазанға сыймас" деген мақалдың мәні ескіргендей болды бұл шарада. Ерекшелігі де сол - екі емес алты бірдей елдің "қошқарларының" һәм алты бірдей композиторлар одағының басшыларының, сегіз халық әртісінің басын бір арнада тоғыстырып көру қазақстанның барлық аудандарының ішінен тек Мақаттықтардың бақытына бұйырғанын мақтанышпен атап өтуге болады. Сая Жұмашеваның дерижерлік етуімен Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филормониясының "Нарын" халықтық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өр рухымызға от берген тамыры терең, тарихы бір түркітектес елдердің шығармаларына аудан жұртшылығы ерекше тәнті болды.
Көпшіліктің ықыласына бөленген қонақтарымызға аудан әкімінің орынбасары Хайдар Төлеуішов жұртшылықтың атынан жылы лебізін білдіріп, сыйлыққа кітап үлестірді.
А.Садыков6
cуреттер автордікі