Халқымыздың төл мәдениетін танытатын деректердің негізі – дархан даламыздағы әр тасында бедерленген тарихи таңбаларда айқын көрініс табады.
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында рухани дүниеміздің құндылығын нақтылап, келер ұрпақ санасына жеткізу мақсатында жүйелі бағыттар да осыны меңзейді. Мәселен, өлке тарихында орын алған Таскешу керуен-сарайы – Ұлы Жібек жолының бойында маңызды ескерткіштің бірі деп қарасақ, оның сырға толы тасында үлкен мағына жатыр. Жобасы жағынан керуен-сарай ортағасырлық керуен сарайларға ұқсас тарихи орынның үстінен табылған қыш ыдыстар, тас диірмен, мыс тиын, моншақтар, т.б. дүниелердің Алтын Орда кезінде соғылғанын археологиялық зерттеулер дәлелдеген болатын.
Ғимарат толықтай күйдірілген кірпіштен тұрғызылып, ортаңғы алаңында қонақ үй, ас үй, монша қызметін атқарған бөлмелер орналасқаны қазба жұмыстарының нәтижесінде танып, білудің мүмкіндігі туды. Бұл бір ғана ескерткіш. Байыптап қарасақ, аудан маңындағы көне зираттар маңында зерттеуді қажет ететін құлпытастар мен белгілерде қашалып жазылған төте жазу үлгілері мен тұрмыстық бұйымдар бейнесі ұлы даланың бір қырын ашуға сұранып тұрғандай. Әрине, көне ескерткіштің маңында әлі де зерттеуді қажет ететін тас таңбалардың тарихы ұлы даланың ұрпаққа қалар аманаты, ұлт мәдениеті деп ұғынған жөн.
Н.ЛЕНА.