Olympic.kz сайтына берген сұқбатында спортшы өз мансабындағы ең үздік үздік нәтижесіне қол жеткізгенін айтты.
«Бұл - менің спорттық жолымдағы ең сәтті өнер көрсетуім болды. Бұл тек бастамасы деп ойлаймын, алда бұдан да үлкен жеңістер күтіп тұр. Финалға сенімді шықтым. Таңертеңнен-ақ бүгін менің күнім болатынын, алтын медаль алатынымды іштей сездім.
Шынымды айтсам, қатты қуаныштымын. Бірақ командаласым финалда жеңіліп қалды, сол жағдай көңілімді түсірді.
Өз өнеріме көңілім толады әрі бапкерлерім де риза. Біз бұл жарысқа бірінші орын алу үшін келдік және сол мақсатқа жеттік», - деді Васенкин.


