Жасанды интеллект - экономика болашағы

Жасанды интеллект - экономика болашағы
(0 Votes)

Биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: цифрлық трансформация және ұлттық прогресс» атты Жолдау – еліміздің даму бағытын айқындайтын тарихи құжат. Ол цифрландыру мен инновацияны ұлттық саясаттың өзегіне айналдырып, жаңа дәуірдің есігін айқара ашты.

Президент мемлекеттік басқаруды автоматтандыру, азаматтарға қызмет көрсетуді жеңілдету және IT-білімге инвестиция салу арқылы елді технологиялық серпіліске жетелеуді көздейді. Бұл – болашақтың экономикасына, білім мен еңбектің жаңа мәдениетіне бастайтын маңызды қадам.

Жолдауда сондай-ақ білім мен ғылымды өркендету, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлер арасындағы теңгерімді дамыту мәселелері кеңінен қамтылды. Мемлекет басшысы жастарға, ұстаздарға, кәсіпкерлерге нақты қолдау мен жаңа мүмкіндіктер ұсынды.

Бүгінгі міндет – осы бастамаларды табанды іске асырып, Қазақстанды жасанды интеллект дәуіріндегі өркениетті елдердің қатарына қосу.

 

М.Әнесұлы,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT