Президенттік жастар кадр резерві: 31 мың үміткердің елуі қабылданды

Президенттік жастар кадр резерві: 31 мың үміткердің елуі қабылданды
Фото: freepik.com
(0 Votes)

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Президенті жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия отырысында 50 адам Президенттік жастар кадр резервіне қабылданды.

Резервке іріктеу биылғы маусым айынан қазанға дейін жүргізілген. Құжат қабылдау кезеңінде жобаның ресми сайтына 31 859 адам тіркелді, бұл еліміздің жас мамандары тарапынан жобаға деген жоғары қызығушылықты көрсетеді.

Төртінші іріктеудің басты жаңашылдығы – мемлекеттік аппарат үшін аса сұранысқа ие салалық бағыттар бойынша резерв қалыптастыру болды. Кандидаттар белгіленген квоталарға сәйкес қабылданған:

    «инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты» бағыты бойынша – 8 адам;

    «агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша – 9 адам;

    «сыртқы саясат және инвестициялар» бағыты бойынша – 8 адам;

    «экономикалық және қаржылық саясат» бағыты бойынша – 7 адам;

    «цифрландыру» бағыты бойынша – 9 адам;

    «әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам» бағыты бойынша – 9 адам.

Жаңадан қабылданған резервшілердің толық тізімі pkrezerv.gov.kz жобаның ресми сайтында жарияланды.

Бұл мамандар резервке алынған сәттен бастап үш жыл ішінде саяси мемлекеттік лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына, сондай-ақ «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Бұған дейін төртінші Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің талабы түсіндірілген еді.

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT