Жақында Жастар ресурстық орталығында аудандық Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша жиын өтті.
Жиынға департамент басшысының орынбасары Б. Шанаев пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Н. Сүйінбаев жетекшілік етті.
Жиында корпоративтік табыс салығын төлеу тәртібіндегі өзгерістер, шағын және орта бизнеске арналған арнайы салықтық режимдердің ерекшеліктері, қосылған құн салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтарды әкімшілендіру мен электронды сервистерді енгізу мәселелері қаралды.
Қатысушылар салықтық жүктемені азайту, кәсіпкерлерді қолдау шаралары және салықтық дауларды реттеу тетіктері туралы ақпарат алды.
Сондай-ақ жиналыста жиналыста шаруа қожалықтарына арналған арнайы салықтық режим мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі, кірістер мен шығыстар есебін жүргізу ерекшеліктері, салықтық есептілікті тапсыру мерзімдері мен нысандары, шаруашылық қызметін кеңейткен жағдайда салық салу ерекшеліктері, арнайы салықтық режимнен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке көшу шарттары мен тәуекелдері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған жеңілдіктер мен преференциялар сынды тақырыптар талқыланды.
Жиын қорытындысында қатысушылар жаңа Салық кодексінің нормаларын тәжірибеде қолдануға қатысты толық түсініктемелер алып, өзекті сұрақтарына жауап алды.
МТ


