ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ӨНЕРІ

(0 Votes)

 Бүгін аудандық мәдениет үйінде Мақат балалар өнер мектебінің ұстаздары мен оқушыларының “Өскелең ұрпақтың өнері” атты есеп беру концерті өтті.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты оқушыларды өз халқының өнері мен мәдениетін, әсемдік, әдемілікті сезінуге халық мұрасынан эстетикалық ляззат алуға үйрете отырып, шығармашылыққа баулу.

Өнер мектебінің қорытынды кешін тамашалауға келген ата-аналармен қоса аудан тұрғындарының да қарасы қалың болды.

Кештің шымылдығын дирижер Ернар Бекболатұлының жетекшілігімен өнерлі өрендерден құралған ансамбльдің орындауындағы Сейілхан Құсайыновтың «Мереке» күйімен ашылды.

Әрі қарай “Ай-Тұмар”, “Зерде” би топтары мен өнер мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Г.Жұбанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT