Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17-23 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында шайбалы хоккейден әйелдер арасында әлем чемпионаты өтеді.
Ел құрамасы Ұлыбритания, Польша, Словения, Италия және Оңтүстік Корея хоккейшілерімен А тобына жолдама алу үшін сайысады. Жоғары дивизионға жеңімпаз көтеріледі.
Бапкерлер құрамы дүбірлі додаға 23 ойыншыны алып барады. Олардың қатарына 3 қақпашы мен 20 ойыншы енген.
Қазақстан құрамасының ойыншылары төмендегіше:
Қақпашылар: Дарья Дмитриева, Полина Говтва (екеуі де - «Торпедо», Өскемен) Арина Щеколова («Томирис», Астана)
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Анастасия Дубровская, Катрин Мескини (барлығы - «Торпедо», Өскемен), Алина Иванченко, Анна Пяткова, Мәдина Тұрсынова (барлығы - «Айсұлу», Алматы), Жанель Қозғұлова, Дария Молдабай (барлығы - «Томирис», Астана)
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Татьяна Королева, Лариса Свиридова (барлығы - «Айсұлу», Алматы), Пернеш Әшімова, Александра Голотвина, Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева, Надежда Филимонова (барлығы - «Томирис», Астана), Мадианна Нүсіпова («Жұлдыз», Алматы), Дильназ Саяхаткызы, Мунира Саяхаткызы, Карина Фельзинк (барлығы - «Торпедо» (Өскемен).
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
17 сәуір. 09:15. Ұлыбритания - Қазақстан
18 сәуір. 09:15. Қазақстан - Словения
20 сәуір. 12:45. Италия - Қазақстан
22 сәуір. 16:15. Қазақстан - Польша
23 сәуір. 12:45. Қазақстан - Оңтүстік Корея.
Ғалым Мәмбетәлиев шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері болғанын бұған дейін жазған болатынбыз.