Сахнада 20 жыл!

Сахнада 20 жыл!
(0 Votes)

Бүгін сахна әлемінің саңлағы, ән өнерінің жарық жұлдызы, ауданның мәдениет саласының дамуына сүбелі үлес қосқан “Еңбек Даңқы” төсбелгісінің иесі Раушан Сағытжанқызының 45 жылдық мерейтойына арналған “Елге сәлем” атты шығармашылық кеші өтті. 

Шара шымылдығы кеш иесінің орындауындағы Қайнар Алагөзовтің сөзіне жазылған, Құрал Молжановтың әні “ Тойға шашу” әнімен ашылды.

Одан әрі елімізге танымал композиторлар мен халық әндері орындалып, көрермен назарына ұсынылды.

Әдемі әндер мен орындалған күйлер халықтың жүрегіне жол тауып, кеш қонақтарын ерекше әсерге бөледі.

Шара барысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауованың арнайы алғыс хаты мен құшақ гүлін және естелік сыйлығын табыс етті.

Одан әрі Н.Жантөрин атындағы облыстық филормонияның басшысы, мәдениет саласының үздігі Бақтыбек Сартбаев, ауданның “Құрметті азаматы”, білім саласының ардагері Роза Үмбетова, Қызылқоға ауданының “Құрметті азаматы”, денсаулық саласының үздігі Ақниет Сахиев, әріптесі Болат Ермеков құттықтау ізгі тілегін жолдады.

Шара соңын кеш иесі Бақыт Қалыбектің сөзі мен Айдын Қалыбайдың әніне жазылған “Мың алғыс” әнімен қорытындылап, көрермендерге өз ризашылығын білдірді.

Ботакөз Асхатқызы

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT