Роналдуда қанша қаражат бар?

(0 Votes)

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туриндік "Ювентус" командасы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің дәулеті жайында сөз қозғады, деп хабарлады РИА Новости.

«Менің дәулетім жарты миллиард долларға бағалана ма? Менің ойымша дәл солай. 100% сенімді емеспін, дегенмен банктегі шотымда қомақты қаржы жатыр», - деді португалиялық футболшы.

33 жастағы форвардтың айтуынша, «Бугатти», «Феррари», «Макларен» және «Роллс-Ройс» сынды көліктерді қосқанда, оның гаражында 17 автокөлік бар.

Айта кетейік, «Ювентустің» шабуылшысы жылына шамамен 38 млн доллар табыс табады.

BAQ.KZ
Фото: дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521