Аудандық мәдениет үйінде аудандық «Құлақтан кіріп бойды алар» атты Абай әндерін орындаушылар байқауы өтті.
Қазақ халқының ұлы ақыны,кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы мәңгілік.
Абай атамыздың әндері шырқалатын байқаудың мақсаты ақынның шығармашылығын насихаттау, әндерінің жастар арасында кең таралуына ықпал жасау, дарынды жастарды анықтау болды.
11 үміткер қатысқан байқау екі кезеңнен, яғни, Абай әндерін айту болса, екінші кезеңде қатысушы өз қалауы бойынша туған жер, Отан туралы патриоттық ән орындауы шарт болды.
Байқаудың әділ бағасын берген әділқазылар алқасының шешімі бойынша алғыс хатпен А.Абилова (А.Құнанбаев орта мектебі), А.Айжарықов (Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебі), А.Нұрлыбекқызы (Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешені), А.Ғабитқызы (Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп) марапатталса, 3-орынды А.Жақсылық (М.Баймұханов) пен А.Серікова, Г.Тұрлан, Н.Мұхамбет (Мақат балалар өнер мектебі) өзара бөлісті. Ал, 2-орынмен Т.Орақова (Х.Санбаев) иеленсе, 1-орынды Д.Мергенова (Р.Ғабдиев) қанжығалады.
Ал, байқаудың бас жүлдесін Гүлнұр Мұратова иеленіп, сахна төріне аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Тулебаева көтеріліп, жеңімпаздарды марапаттады.
Қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.
А.ТАУМҰРЫНОВА
Суреттер автордікі