Қызылқоғада күресіп, 5 алтын олжалады!

(0 Votes)

Көршілес Қызылқоға ауданының Миялы селосында 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық біріншілікте  бір топ  жерлестеріміз бақ сынаған болатын.

Дүбірлі додаға  Ақтөбе, Орал облыстарымен қоса Атырау қаласының және өзге аудандардың барлығы 13 командасы қатынасқан. Күрес десе ішкен асын жерге қоятын ауыл төрінде Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде дзю-додан тәлім алатын, Абзал Қапсалимов баптаған шәкірттердің мерейі үстем болды. Олардың қоржынында  5 алтын, 1 күміс, 1 қола бар. Атап айтсақ, 38 кг. салмақ дәрежесінде Таубаев Ренат, 42 кг. Жақсыберген Даниял, 46 кг. Шонай Еркенұр, 50 кг. Жайлаубаев Әсет және +73 кг. Маликов Расул қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақса, 73 кг салмақта Мейрамбекұлы Жарқынбек тек ақтық айқаста жол беріп екінші орынға табан тіреді. Жарыстың  қола жүлдесімен 60 кг. салмақта өнер көрсеткен Амангелдиев Аян марапатталды.  Командалық есепке көз жүгіртсек, бұл сайыста біздің ауданның алдына түсер ұжым табылмады. Жарыс қортындысы бұл спорт түрінде айрықша ілгерілеу бар екенін анық аңғартады. Чемпиондарымызға осы қарқынынан таймай, келешекте олимпиададан алтын тағуға тілектеспіз!   

А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT