Қарияларға "Белсенді өмір сүру орталығы" ашылды

(1 Vote)

Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жасөспірімдер мен ардагер қариялар жолықты. Бас қосудағы басты негіз "Nur Otan" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында партияның Мақат аудандық филиалы, Мақат аудандық ардагерлер кеңесі және Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі арасында "Белсенді өмір сүру орталығын" ашу туралы үш жақты келісімге қол қою еді.

Жастар тарапынан ардагерлерге қамқорлық құрметті насихаттау, ардагерлерді белсенді өмір сүруіне жағдай туғызуды мақсат еткен бұл келісім аясында ұрпақ сабақтастығын қалыптастыра отырып, ардагерлер өздерінің өнегелі жолын өскелең ұрпаққа тәлім тәрбие ретінде көрсетпек. Қарттарымыздың қуатты болуы үшін жасалынып жатқан игі шараға қариялар дән риза.

img_7793

Үш жақты келісімді ресми рәсімдегеннен кейін, өздерінің ақ алғысын білдіруге ақсақалдарымыз сөз алды.

img_7832

Әрі қарай түрлі спорттық жабдықтармен жасақталған бөлмеге бас сұғып, тіпті кейбір аталарымыз жаттығу жұмыстарын бастап кеп жіберді.

img_7878

Орталықтың ашылу құрметіне орай шахматтан жасөспірімдер мен қарттарымыз бақсынасып, тартысқа толы ойын өрбітті.

img_7850

Ұрпақтар арасындағы әдемі сабақтастықты  осылайша іспен дәлелдеген "ойыншыларға", шара соңында алғыс хаттар табыс етілді. 

А.САДЫКОВ

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521