Парасат марафонда бірінші келді

(0 Votes)

Алматы қаласында дәстүрлі Халықаралық жартылай марафоны өтті. Дүбірлі шараға еліміздің түкпір-түкпірінен және көршілес 20 мемлекеттен 5 мыңға жуық жеңіл атлеттер қатысты. Марафон үш кезең бойынша ұйымдастырылды.

Жиылған көпшіліктің алды 21, тағы бір бөлігі 10 шақырымдық қашықтықта жүгіріп, бақ сынады. І кезең 10 шақырымға жүгіруге 3500, ІІ кезең 21 шақырымға  жүгіруге 1500 адам қатысты. Сондай-ақ, 21 шақырымға топтық эстафета бойынша жүгіруге 24 команда өтініш білдірген.

8b1fb353-2fc2-45a1-a9cb-f2150cc0deb9

Топтық эстафетаға жерлесіміз Парасат Құлмұханов қатысып, команданың жеңіске жетуіне өз үлесін қосты.

 «Біздер топтық эстафетаға Run Time Almaty командасының атынан 4 атлет болып қатыстық. Төртеуіміз де батыстың жігіттеріміз. 21 шақырымның  алғашқы 5-ін оралдық Жарас жүгірсе, кейінгі 5-ті  Казталовканың Баубек есімді желаяғы еңсерді. Одан кейінгі 5 шақырымды  мен 15 минут 55 секундта жүгіріп шықтым. Соңғы 6 шақырымды ақтөбелік Нұрысбек түйіндеді. Төртеуіміз 21 шақырымды 1 сағат 11 минутта жүгіріп, чемпион атандық.

Жалпы командалық сайыс үлкен жауапкершілікті талап етеді. Біреуі қалт кетсе, басқаларының еңбегі еш кетеді. Біздің жігіттердің барлығы өз деңгейінде жақсы жүгіріп шықты»,- дейді Парасат.

a6279ab8-054e-4b19-90fd-96a579fc2b9d

Экиден топтық эстафета бойынша І орынға «Run Time Almaty» командасы ие болса, ІІ орынға «Exclusive Qurylys» тобы табан тіреді. Үздік үштікті «ҚӘӘИ құрамасы» түйіндеді. Жалпы жартылай марафонға қатысқан барлық жандар мойындарына медаль тақты. Диплом және естелік сыйлықтарға ие болды.

ad7db4d5-816c-4ff8-b0f2-2240e7766f63

Осымен тоқтап қалмайтынын жеткізген Парасат алда талай жарыстар бар екенін жеткізді. Дегенмен демеушілік танытар кәсіпкерлер болса, Парасат әлі талай рет аудан атын асқақтатпақ.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT