Қазақ даласындағы дойбы спортының дамуы бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталған. Көшпенді бабаларымыз (сақ дәуіріндегі) "шатран" деген ойынды білген екен. Әуелгі кезде оны ойнауға тыйым салғанына қарамастан қазақ жұртына тез тарап кетіпті. Сауда керуендерінің қазақ даласына келуіне байланысты дойбы халықтың сүйікті ойындарының біріне айналған. Қазақтың "екі жеп биге шығу" деген сөзі бұл ойынның ежелден келе жатқандығының, оның ұлттық ойынымыз екенінің бір белгісі.
Аталған спорт түрін ауданымызда дамыту және жастар мен ардагерлердің арасындағы байланысты нығайту мақсатында Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы Азаматтық орталығы КММ-нің «Талдау және мониторинг» бөлімінің Мақат ауданы бойынша филиалы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен аптада дойбыдан жарыс болып өтті. Алдымен домбырамен ән шырқалып, кейін жиналғандарға ойын ережесі таныстырылды. Қатысушылар ардагерлер, әйелдер және жастар болып үш категорияға бөлінді.
Қызықты өткен бәсекелердің нәтижесінде ардагерлер арасында 1-орынды Марат Нурмаков, 2-орынды Талас Байгуршимов, 3-орынды Қабылхан Омаров алды. Әйелдер бойынша 1-орын Орынгүл Ишанғалиеваға, 2-орын Құндыз Сәрсенбаеваға, 3-орын Жүзім Барлыбаеваға бұйырды. Ал жастар арасында 1-орынды Райымбек Исламов иемденсе, 2-орын Асылбек Есжан табан тіреді. Барлық спортшылар жеңіске деген жігерлері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
А. Жұмабекұлы