Ташкент қаласына жолдама алды

(0 Votes)
Ташкент қаласына жолдама алды

Жуырда Атырау қаласында Халықаралық «Zhuldyz Art Kazakhstan» байқауы өтті. Хореграфия жанры бойынша бес жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылған байқауға Мақат өнер мектебінің өнерлі шәкірттері қатысып, шашасына шаң жұқтырмады.

Айталық, талай додаларда биіктерді бағындырып жүрген ағайынды Аида мен Адина аталмыш байқауда бас жүлдеге ие болып, Ташкент қаласында өтетін халықаралық байқауға жолдама алды. Сонымен қатар, би өнеріне баулыған ұстазы Әсем Данабекқызының еңбегі еленіп, арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, «Zhuldyz Art Kazakhstan» конкурсында Адина өзбек биін нақышына келтіріп орындаса, Аида заманауи би үлгісін көрсетті.

Осылайша, жас бишілер мың бұралған биімен әділ қазылар алқасымен қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ауданымыздың атын асқақтатып жүрген жас өрендерге толағай табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521