Он жасар Рамазан әлем чемпионы атанды

(0 Votes)

 Түркия елінің Анталия қаласында муай-тайдан балалар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің 65 мемлекетінен 1360 спортшы қатысты. Дүбірлі додаға доссорлықтар да қатысты.  Олар: 10-11 жастағы топқа қатысқан Рамазан Қайратұлы мен 16-17 жастағы  топқа қатысқан Тынышқалиев Жомарт болатын.

ramazan-1

ramazan-2

ramazan-3

54 келі салмақ дәрежесінде Тынышқалиев Жомарт АҚШ спортшысы Хулио Сезар Лазальде Джуниорға қарсы тұрып, алғашқы жекпе-жегінде жеңіліс тапты. Ал, 46 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Рамазан Қайратұлы қарсыластарынан басым түсті. Ол финалдық бәсекеде түрік спортшысы Омер Фарук Рамалимен кездесіп, 29:28 есебімен жеңіс туын көтерді. Осылайша әлем чемпионы атанған Рамазан Қазақстан құрамасы қоржынына үшінші алтынды түсірді. Чемпионат қорытындысында еліміздің қоржынына 15 медаль түсіп, командалық есеп бойынша 65 мемлекеттің арасынан алтыншы орынға ие болды. Онда жас спортшылардың 5 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдесі бар. Ал, көш басын ресейлік спортшылар 66 медальмен бастап тұр.            

ramazan-5

ramazan-8

ramazan-10               

Дүйсенбі күні елге оралған Рамазанды Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы салтанатпен қарсы алды. Байрақты бәсекеде топ жарған спортшыны қарсы алуға жиналғандардың қошеметі мен ыстық ықыласы зор болды. Қолдарына «Рамазан – чемпион!» деген жазулар ұстаған спортшы балалар мен ата-аналары  көк байрақты жоғары желбіретіп, «Рамазан – чемпион!» деп айқайлаумен болды.

ramazan-9

ramazan-6

 Кездесуде чемпионның анасы шын жүректен ризашылығын айтып, бапкері Ислам Галиевке ерекше алғыс білдірді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521