Ақпанның 21-і мен 26-сы аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер арасында муай-тайдан қазақстан чемпионаты өтті.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ге тарта спортшылар қатысып, бақ сынады. Солардың қатарында, Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 6 спортшы қатысқан болатын.
Доссорлық спортшылар бұл жолы да байрақты бәсекед топ жарып, жеңісті оралды. Ақпанның соңғы күні Мақат теміржол вокзалынан спортшыларды салтанатпен қарсы алу рәсімі өтті. Оған Доссор кентінің әкімі Е.Ермағанбетов арнайы келді. Сондай-ақ, салтанатқа аудан спортшылары, ата-аналар, ерікті жастар, дос-туыстары қатысты. Еліміздің мықтыларын анықтайтын додада 14-15 жас арасында 48 кг салмақ дәрежесі бойынша Жомарт Тынышқалиев 1 орын, 16-17 жас аралығында 54 кг. салмақ дәрежесі бойынша Еламан Өтегенов мен 51 кг. салмақ дәрежесі бойынша Жұмабек Орынғалиев 3-орынды иеленіп қайтты.
Спортты жанына серік еткен спортшылар осылай ауданның, қала берді облыстың абыройын асқақтатып қайтты. Ал, чемпиондарды дайындаған бапкері Ислам Галиевтің еңбегі зор. Чемпиондар тамыз айында Тайланд елінің Бангкок қаласында өтетін әлем чемпионатының іріктеу чемпионатына жолдама алды. Тартысты додаларда топ жарып жүрген жерлестерімізді біз мақтан тұтамыз!
А.ТАУМҰРЫНОВА.
Сурет автордікі.