Мақат ауданының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған «Мұнайлы елім - киелі жерім” атты мекеме аралық өнер фестивалінің кезекті бағдарламасы “Білім беру” ұйымының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Шара барысында ұстаздар қауымы өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі.
Одан бөлек, сахналық қойылымдар қойып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, аталмыш фестиваль әрі қарай жалғасын табатын болады.
Ә.ҚАСЫМ